• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:35:45
Алматы
+12°

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков президенттік өкілеттігін тоқтатса, оның орнына парламент сайлаған премьер-министр Садыр Жапаров келе алады, деп хабарлады 24.kg сайты.

Рәсімнің қалай өтерін "Адилет "құқықтық клиникасының басшысы Чолпон Жақыпова түсіндірді.

Оның айтуынша, Конституция бойынша президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік  Жогорку Кенеш төрағасына ауысады.

– Бірақ қазір төраға жоқ. Мирлан Бакиров вице-спикер дәрежесінде. Оны ешкім спикер етіп сайлаған жоқ. Негізгі заңға сәйкес, егер президент отставкаға кеткенге дейін парламент төрағаны анықтамаса, онда сайланған премьер-министр ретінде Садыр Жапаров мемлекет басшысының міндетін атқаратын болады, – деп түсіндірді Чолпон Жақыпова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: президент қырғыстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір