14 Қазан, 2020 Барлық аймақтар
Фото: ашық дереккөз
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін мәлімдеді.
– Қазақстанда коронавирус инфекциясының жаппай таралуы маусым-шілде айында болса, талдау жасап, шамамен үш айдан кейін – қараша-желтоқсанда ауруды ауыр өткерген науқастардың антиденесі бәсеңдейтінін болжауға болады. Сондықтан коронавирус жұқтыру қаупі жоғары. Қазір әлемде қайта жұқтыру жағдайлары көп, Қазақстанда жоқ. Бірақ қауіп әрқашан бар, – деді министр Цой.
Министрдің айтуынша, тұрғындарды ұжымдық иммунитет қалыптастыру мәселесі мазалайды. Осы орайда жаппай вакцина негізінде тұрғындардың көп бөлігінде иммунитет болса, аурудың таралуы тоқтайтынын айтты.
Осылайша, вакцина басқаратын иммунитет инфекцияны жоя алады. Вакцина әзірленгенге дейін карантин шараларын орындау керек. Цой ғалымдардың пікірін негізге ала отырып, вирус жұқтырған соң жазылған адамның 3-5 айдан кейін коронавирусқа қарсы антиденесінің жойылатынын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір