• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:24:57
Алматы
+12°

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып Талғат Уәли тағайындалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Уәли 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.

Талғат Уәли бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген.

2009 жылы "Қайнар" Семей университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасының журналисті болып бастаған.

2011 жылы "Қазақстан" РТРК Семей филиалында жетекші редакторы;

2012 жылы "ЭРА" телекомпаниясы" ЖШС жаңалықтар қызметінде журналист (7 арна);

2015 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ жаңалықтар қызметінде журналист;

2016 жылдан бастап "Атамекен Бизнес" мультимедиялық телеарнасының Жаңалықтар қызметінде президенттік пулдың арнайы корреспонденті, тележүргізушісі және журналист;

2019 жылы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі;

2020 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір