• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:23:00
Алматы
+12°

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин пандемия кезінде оқытуды цифрландыру дұрыс жүзеге аспай жатқанын айтты. Бұл туралы ол парламент сенатының үкімет сағатында хабарлады.

– Короновирус пандемиясы кезінде білім беру мекемелері қашықтан оқытудың қиын жағдайын қабылдауға мәжбүр болды. Бірақ бұл мәселе бәсекелестік ішінде шешілуі тиіс. Білім беру министрлігі осындай шешімге келді. Біз оны қолдаймыз. Тұтас бір ақпараттық жүйе жасамай, бесекелес ретінде бүгін үлкен-кішісі бар 13 платформа жұмыс істеп келе жатыр. Қай платформа нарықта жақсы қызмет көрсетсе, соларды пайдалануға береміз, – деді ол.

Министр мұғалімдердің видеосабақтары цифрлық контентке жатпайтынын атап айтты.

– Цифрлы контентті дамыту қажет. Атап айтқанда, цифрлық оқулықтарға көшу қажет. Бүгінгі таңда 13 білім беру платформасы әзірленіп, жұмыс істеп жатыр. Бірақ цифрлық контент тек қана видео түрінде беріліп жатыр. Мұғалімдердің видеосын түсіріп алып, сол видеороликтерді цифрлық контент ретінде беріп жатырмыз. Бірақ бұл дұрыс еместігін білеміз. Сол цифрлық контентке өзіміздің бар күш-жігерімізді салып, келесі жылдары гимификацияны, басқа да тәсілдерді пайдаланып, цифрлық контентті дамытатын боламыз, – деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір