• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:28:00
Алматы
+12°

Алматы қаласында қазан айының 14-ші жұлдызында ZOOM платформасы арқылы халықаралық конференция өтті. Жиынға жүзге жуық адам қатысты.

Негізгі мақсат  әлемнің екінші ұстазы атанған, қазақ жерінде дүниеге келген Әбу-Насыр  әл-Фарабидің биылғы жылы  туғанына 1150 жылдығы болатын. Фарабидің бізге беймәлім қырларымен таныстырған отандық және шет елдік ғалымдардың сөздерін тікелей эфирде қазақ жастары тамашалады. Шетелдік спикерлер болғандықтан қазақ тілінен өзге ағылшын, түрік тіліне тәржімаланып отырды. Қанша ғасыр өтсе де Әбудің еңбектері  бүкіл әлем адамзатының алдында орны ерекше, еңбектері күні бүгінге дейін  өзектілігін жоғалтқан емес. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен   ұйымдастырушылар "Мәңгілік Қазақстан" қоғамдық қоры, Әл-Фараби атындағы қазақ  ұлттық Университетінің Философия  кафедрасы,  Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты  болды, сондай-ақ бас серіктес "Көшпенділер Атамұрасы"  халықаралық қоры да   бірлесе отырып әлемдік конференцияның  пандемия кезінде онлайн түрдегі жиналысына белсене ат салысты. Конфернцияда еліміздегі Фарабитанушылар,  ғалымдар, атап айтқанда Жақыпбек Алтаев  (Философия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, әл-Фараби орталығының ғылыми кеңесшісі), Досай Кенжетай (Философия және теология ғылымдарының докторы, профессор),  Дидар Амантай,  (жазушы, публицист, сценарист, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты),  Төрәлі Қыдыр, (филология ғылымының кандидаты, доцент, М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты Ежелгі дəуір əдебиеті жəне түркология бөлімінің меңгерушісі),  Әсет Құранбек, (философия ғылымының кандидаты, Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының меңгерушісі),  Мұхит Төлеген (дінтану бойынша PhD докторы, филолог), Қазбек Раисов (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты),  түркі әлемінің көшбасшысы іспетті Түркия ғалымдарынан  Абдулла Қызылжық, (Ыстамбұл университеті әл-Фараби атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор), Яшар Айдынлы, (Философия ғылымдарының докторы, Бурса Улудаг университеті теология факультетінің профессоры, үлкен әл-Фараби алтын медалінің иегері), Еуропа төріндегі Франция елінен Альберт Фишлер (Францияның құрметті профессоры, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, көршілес Өзбекстан  елінен Умида Куранбаева, (Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, докторант) қатысты.

      Алғашқы сөзді "Мәңгілік Қазақстан" қоғамдық қоры директорының міндетін атқарушы Бейбіт Нәлібаев әлемдегі пандемия кесірінен  онлайн режимде отырғанымызға зор өкініш білдіре отыра, "Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің әлем өркениетіне ықпалы" атты халықаралық конференцияны ашық деп жариялады. Алғашқы құтықтаулардан кейін медеротор Әсет Құранбек  алғашқы сөзді спикер Жақыпбек Алтаевқа берді, Ж. Алтаев  "Әл-Фарабидің орта ғасырлардағы мұсылман және еуропа философиясына ықпалы"  деген кіріспе сөзімен бастады. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары,  батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет хантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды.  Әбу: "Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда"- дейді,  қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Фараби еңбектерінің ішіндегі бірегейі  "Қайырымды қала тұрғындары"  мұсылман әлеміндегі алғашқы саяси трактат. Әбу мұсылман әлемінің батысқа беймәлім болып келген көп қырларын, ғылыми тұрғыда жеткізе біліп, шығыс пен батыстың арасында көпір болды. Батыстық көптеген ғалымдар Фараби еңбектеріне сілтеме жасай отырып, көптеген еңбектерін дүниеге әкелген.  Бұндай тұжырымдамаға Ж.Алтаев көптеген зерттеулерден кейін қол жеткізгенін айтады.

Әбу-Насыр  әл-Фараби

Əл-Фарабидің түркі әлеміндегі орны

Рас, түркі әлемінде,  әлем танитын бірегей тұлға философ ол Әбу Насыр, сондықтан болар, Фараби түркі әлемі үшін шоқтығы биік дара тұлға. Күллі түркі әлемі мақтанышына санап, әр түркі тілдес елдерде Фараби еңбектерін бала-бақшадан ЖОО ға дейінгі жастарға сусындатып келеді.

Екінші спикер Түрік еліндегі Абдулла Қызылжық аудармашы көмегімен Фараби бабамыздың түркі әлеміндегі орны ерекше екендігін, Әл-Фарабидің Стамбұл Университетінде орталығы барлығын, Қазақстандағы Әл-Фараби атындағы Қаз-ҰУ арасында мықты байланыстар орнап, 2016 жылы Стамбұл- да да Фараби орталығы ашылғанын тілге тиек етті.  Ашылғаннан бері  симпоузим әл-Фараби еңбектеріне арналған конгрес өткен болатын.

  "2017 жылы Әбудің музыка саласындағы еңбектерінде атап көрсеттік, қазіргі ғылымда  зерттеліп жатқан  музыканың ауру жандарға ықпалын Фараби сол заманда-ақ зертеп еңбегін жазып шыққан. Біз әлі де жалғастырып жатырмыз, ғылыми зерттеулер жағына да баса назар аударудамыз"-дейді А. Қызылжық.

           

                             Музыка қызметіне, ұлы философ Әл-Фараби

Үшінші спикер Еуропа төріндегі Франция елінен Алберт Фишлерь Фараби еңбектерінің бірегейі музыка әлеміне шолу жасады. Алберт Қазақстан туралы, қазақ елінің мәдениетін, руханиятын Еуропаға, Француз жұртшылығына  таныстырып жүрген аз ғалымдардың бірі. "Әл-Фарабидің музыка әлеміне қосқан үлесі зор.  Фараби музыкалык, аспаптарды зерттеуді тыңнан бастап, математика және физикамен байланыстыра, әр дыбыстың математикалық есебін, физикалық заңдылығын, музыка іліміндегі мүлт кеткен жерлерін дәл тауып түзетеді, дамытады"- деп бастады А. Фишлерь.  «Мен тек музыка ғылымын бағалаушы ғана емеспін, музыка өнерін де бағалаушымын, сондықтанда ертедегі гректерге қарағанда, көбірек істеуіме мүмкіндігім болды» деп жазады Әбу.  "Музыканың  жазбашаға көшуіне ықпал еткен, музыкалық ноталарды алып келген  бірден бір тұлға ол-әл-Фараби"-дейді А.Фишлер.  Грек мәдениетіндегі музыка әлемінде тыңдамалы, яғни, ауызша айтылғандықтан, ауыздан ауызға ғана жетіп отырған екен. Фараби  музыка әлеміне үлкен серпіліс әкеліп, талай құндылықтар жазбаша түрде ғасырдан ғасырға өтіп, бізге жетіп отыр...

       

                            Әл-Фарабидің әлем өркениетіне қосқан үлесі

Келесі сөзді "Әбу Насырдың әлем өркениетіне қосқан үлесі"- деген атпен Түркиядағы белгілі фарабитанушы ғалым Яшар Айдынлы алды. Әлемнің екінші ұзтазы атанған Әбу әлемнің алғашқы ұзтаздары Аристотель мен Платонның еңбектерін сол күйінде жеткізген емес, оны бір өзгеше ислами рухпен қайта түрлендіріп, дамытып біздің сатылмайтын мұрамызға айналдырды.  Фараби жалпы Түркі әлемінің ғана емес ислам әлемінің де мақтанышы.  Исламды батыстың тани түсуіне зор ықпалы болғандықтан, ислам әлемінде Фарабидің орны ерекше. Көптеген христян философтары да еңбектерінің көбін осы Фараби еңбектеріне сілтеме жасай отырып жазып, әрі қарай түрлендіріп дамытып шыққан. Әлемнің қай түкпіріндегі Университетке барсаңыз да әл-Фарабиді барлығы танитындығына оның еңбектерінің оқытылып жатқандығына куә боласыз дейді,  Яшар Айдынлы. Қазіргі кезде Фарабиді әрі қарай зерттей түсу үшін араб-латын тілдерін жетік білетін кәсіби аудармашыларға зәруміз, десек те, Әбу еңбектерінің біршамасы жақында он томдығы түрік тіліне аударылды.

      

Әл-Фараби- түрік ислам өркениетінің ойшылы

"Кешегі атейістік заманда, КСРО дәуірлеп тұрғанда Фараби не үшін қажет болды екен?", келесі спикер философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай осындай қызықты сұрақпен бастады. Фарабиге деген ұмтылыс, еңбектерін жоғары дәрежеде бағалаған батыс Еуропада болды. Батыста, мемлекет пен дін, философия мен ғылым, ғылым мен дін, теизм мен атеизм, экзистенциализм мен болмыс туралы пікірталастар ушыққан кезде, Фараби мұралары сұранысқа ие болды. Бұл құбылыс КССРО ғылымына да әсер етпей қоймады. Яғни, кеңестік идеология да әл-Фарабидің еңбектерін аударып, елеп, өз мүддесіне қолданғысы келді. Әбу-Насыр қазақ топырағында дүниеге келгенімен еңбектері араб латын, парсы тілінде жазылған. Сондықтан болар Фарабиді көбіне арабтан шыққан деген сөздер бар. Фарабидің туған жері Отырардың жанындағы Фараб деген қала, Фараб 56 қалашықтан тұрған, Фарабты жетік тану былай тұрсын сол қалалардың орны туралы географиялық деңгейді білмейміз. Ал ол жерде Фарабиден өзге қанша Фарабилер шыққан. Ислам түркі әлемінің мәдениеті ошағы Түркістан болғандығы осындай ғалымдардың көп шығуын айғақтайтын дәлел осы...

            

Әбу Нəсір Əл-Фараби мұрасының Əбу Райхан Беруни шығармашылығына əсері

      

Келесі спикер көршілес Өзбекстан елінен Умида Куранбаева болды. Умиданың сөзінен бұрын, Әбу  Райхан Беруни кім еді? Аз анықтама бере кетсек. Көршілес Қарақалпақ елінің Қият елді мекенінде 973 жылы дүниеге келген. Негізгі еңбектері тарих, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минерология т.б. ғылым салаларын қамтиды. Астронмия саласындағы еңбектері танымал, тарихтағы көп географиялық карталардың сызбалары Бируни еңбектері. Бирунидің қалыптасуына әл-Фарабидің еңбектері зор болды. Жалпы Фараби қалай Аристотель еңбектерін заманға сай өңдеп, қайта жазып шықса Бируни де Фараби еңбектерін дәл солай пайдаланды. Бируни еңбектері толық зерттеліп болған жоқ, болашақ еншісінде.

        

           Ақжан Машани және қазақстандық Фарабитанудың қалыптасуы

Күллі Түркі әлемі таласқан Фарабидің Қазақ жерінде дүниеге келгенін әлемге паш етіп, өмірінің соңына дейін Фарабидің туылған жерінен жерленген Сирия еліне дейін барып, Фарабидің қыпшақ екендігін дәлелдеп шыққан Ақжан Машани екендігін айтпай кетсек болмас. Бұл турасында бүгінгі конференция медероторы Әсет Құранбек баяндап өтті.

     Ақжан Машани  әл-Фараби туралы мағлұматты алғаш рет соғыс зардабымен Алматыға қоныс аударған А.Эйнштейннің шәкірті, Чехословакия Ғылым академиясының академигі, математик-философ Эрнест Кольманнан 1943 жылы естиді. Ести сала санасында «Ол қазақты құраған тектен болмасын!» деген ой жаңғырады. Отырарда дүниеге келгенін анықтағаннан кейін ғалым өзінің алдына Фарабидің тек-тамырын зерттеуді мақсат етіп қоя­ды
Әл-Фараби жайлы алғашқы деректерді Машани  Москва, Ленинград кітапханаларынан тапты. Берлин, Лиссабон, Париж, Каир, Мадрид кітапханаларынан мағлұматтарды алу үшін сирек кітаптардан сый-сыяпатын қосып тілек хат жолдаған. Сөйтіп, Ақжан Машанидің қолында 1958 - 1960 жылдары әл-Фарабидің он шақты шығармасы және оның еңбегін зерттеушілердің дүниелері жиналды.

  1. Конференцияның көп тақырыбының негізгілерін ғана қысқартып қамтуға тырыстық десекте, айтылған, жазар нәрселер көп... Біздің жазармыз көп болса, Фараби еңбектерін зерттеу де әлі жалғасып келеді. Қолжазба күйінде сақталған Фараби еңбектерін аудару да біздің еншімізде.. А.Машанидің тынымсыз жүгіруінің арқасында Әбу-Насырды қазақ жерінде дүниеге келгенін растап алсақ та, өзін жеткілікті дәрежеде тани алмай келеміз.

 

 

Аида Кожмамбетова

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әбу-Насыр  әл-Фараби

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір