• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:41:53
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде мал ұрлығы дерегі бойынша тергеліп жатқан күдікті қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство басшысы Сағат Мәдиев жағдайды анықтап тексеру үшін Мақаншыға келген.

– Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша орын алған жағдайды анықтап тексеру үшін арнайы келдім. Мақаншы ауылының полиция бөлімшесінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растаймын. Ол мал ұрлығы бойынша күдікті ретінде полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын, – деді ол.

Сағат Мәдиевтің басқаруымен арнайы топ құрылды. Оқиға бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы "Қинау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалды.

"Жақын туыстарының қатысуымен оқиға орнына қарау жүргізілді. Қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілді, әзірге сараптама нәтижелері дайын емес. Қайтыс болған азаматтың отбасына Үржар ауданың әкімімен бірге барып, оның туыстары мен достарының сұрағы қаралып жатыр.

Жақын туыстары мен достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Менің принциптік ұстанымым – тергеудің әділ, әрі объективті жүргізілуі" деді департамент басшысы.

Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты видео жарияланды. Кадрдан "Екі баласы жетім қалды", "Әйеліне, шешесіне сіздер не деп айтасыздар? Біз өлтіріп тастадық дейсіздер ме?", "Сүйегі қайда? Ағам қайда?" деген сөздер естіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО күдікті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір