• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:09:53
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде 33 жастағы күдіктінің өліміне қатысты бес полиция қызметкері жұмыстан босатылып, үшеуі қамауға алынды, деп хабарлады zakon.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға бойынша полиция бөлімшесінде үш қызметкер күдікті деп танылған. Олар жұмысынан босатылып, Үржар ауданының полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, "Азаптау" бабы бойынша тергеліп жатыр.

Сайт мәліметінше, облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығымен, мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені, "Құқық қорғау қызметі туралы" заң талаптарын сақтамағаны, қызметкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын тиісінше бақыламағаны үшін Үржар аудандық полиция бөлімінің екі басшысы ішкі істер органдарынан шығарылды.

Жедел-тергеу тобы құрылып, оны облыстық полиция басшысы Сағат Мәдиев басқарды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО полиция күдікті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір