• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:06:05
Алматы
+12°

Қазақстан Республикасы үкіметінің қауылысымен Нүсіпова Әсем денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін бұл қызметті Людмила Бюрабекова атқарған болатын.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "экономика" мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген. 

2001-2003 жж. — қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, президент әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі. 

2003-2005 жж. — ҚР қаржы министрінің кеңесшісі. 2

005 ж. — ҚР премьер-министрінің кеңесшісі.

2005-2007 жж. — ҚР премьер-министрі кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі. 

2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жж. — "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 

2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 ж. — "Астана" Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ бас консультанты.

2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.


"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: дсм вице-министр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір