• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:13:51
Алматы
+12°

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіндегі жекелеген мәселелерге тоқталды.

– Менің тапсырмама сәйкес, ЖОО-ның құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Көптеген ЖОО-лар коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел үшін әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ ірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтынын мәлімдеймін. Бұл мәселе айрықша назарда, – деді президент.

Сондай-ақ президент биылғы жолдауда барлық мәселе ашық айтылып, оны шешудің нақты жолдары ұсынылғанын атап өтті.

– Мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту идеясы – Жолдаудың негізгі өзегінде тұрған мәселе. Жалпы мемлекеттік басқарудың жүйесін реформалау – өз алдына кең ауқымды міндет. Тіпті бұл барлық реформалардың қайнар көзі. Мемлекетті жаңғыртудың басты арқауы десек артық емес. Біз бұл реформаны мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта құру ісінен бастауды ұйғардық. Осы мақсатпен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды. Агенттік жұмысын бастап та кетті. Бірақ мына нәрсені дұрыс түсінуіміз керек. Бұл құрылым қара бастың қамы үшін жасалған жоқ. Жаңа агенттік – алға қойған міндеттерді шешуге арналған негізгі құрал. Реформаларды үйлестіретін маңызды құрылым, – деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір