• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:19:36
Алматы
+12°

Фото Мұхамеджан Тазабектің facebook парақшасынан алынды

Жуырда "Qazaqstan" ұлттық телеарнасынан ақын, дінтанушы, филолог, Асыл Арна телеарнасының негізін қалаушы әрі директоры Мұхамеджан Тазабектің "Тәлім Trend" бағдарламасы көрсетіліп бастаған. Бұл жаңалықты қуана қабылдағандармен қатар, қарсы болғандардың да қарасы өте көп. Әлеуметтік желіде талай тартыс пен дау-дамай туғызған мәселе туралы Қамшы порталы оқырман ойын білу мақсатымен сауалнама өткізген. Бүгін соның нәтижесі шығарылды.
 
Қамшы сауалнамасы бір сұрақтан, екі жауап нұсқасынан тұрды. Жауап нұсқаларына қоғамда жиі айтылып жатқан ойлардың түйінді тұстарын жинақтауға тырыстық. 
 

Сауалнама жүрген 5 күнде сайтқа 5109 адамның даусы тіркелді. Оның 4506-сы, яғни 88,2 пайызы қарсы дауыс берсе, 603 адам (11.8%) бағдарламаның көрсетілуін қолдаған.

 

Бұл цифрлар пікіртерімнің осынша адамды қамтығанын әсте білдірмейді. Сауалнаманы facebook желісінде бөлісу барысында қолданушылардың біразы пікірлерін сайтқа өтіп, тиісті жауап нұсқасын таңдау арқылы емес, жарияланған материалдың төменгі тұсына коммент жазу арқылы білдіріп жатқанын байқадық.

Мәселен, Қамшының facebook парақшасындағы жазба астына 219 адам ойын айтып, пікір жазған.

Өзге топтарға бөлісілген жазбалардағы пікірлердің қазіргі сәттегі жалпы саны – 3609. Олардың басым бөлігі қарсы дауыс берген.

Осылайша, сауалнама нәтижесіне сай қатысушылардың 90 пайызға жуығы ұлттық арна эфирінен Мұхаметжан Тазабектің "Тәлім Trend" бағдарламасының көрсетілуін қолдамады.

Сауалнама нәтижесі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір