• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:43:49
Алматы
+12°

Премьер-министрдің баспасөз қызметі бұған дейін Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған Азамат Әмірғалиев Әділет вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлады.

Үкіметтің қаулысымен Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы Қазақстан Республикасының әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған.

Әділет министрлігіне келгенге дейін ол Қазақстан Президентінің Әкімшілік бөлімінің аппарат жетекшісі болған (2017 жылдың қаңтарынан бастап). 2011 жылдан бастап Президент Кеңсесінде жұмыс істеді, онда құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық мәселелерді басқарған.

Азамат Әмірғалиев 1976 жылы 24 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1998 жылы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің заң жобалары және құқықтық сараптама бөлімінің аға маманы болып бастаған.

2003-2006 жылдары – зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі төрағасының орынбасары.

2006-2009 жылдары – Парламент Мәжілісі Заңнама бөлімі басшысының орынбасары.

2009-2011 жылдары – "Альянс Банк" АҚ корпоративтік хатшысы.

2011-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заң бөлімінің меңгерушісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір