• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:11:02
Алматы
+12°

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram-дағы жазбасына пікір қалдырған желі қолданушысына "осы сөзің үшін жауап бересің" деп жазуының себебін түсіндірді. Бұл туралы egemen.kz сайты хабарлады. 

Sandra_ouz бүркеншік есімді азамат Өскемен қаласы әкімінің "осы сөзің үшін жауап бересің" деп жазғанын скриншот жасап желіге жариялаған болатын. Оның айтуынша, шаһар басшысы танысына сыни пікір қалдырғаны үшін осылай деген. Ұзамай Жақсылық Омар бұлай жазуының себебін түсіндірді.

– Кеше әлеуметтік желіде менің жеке басыма қатысты ешқандай фактілерге сүйенбей, құр эмоциямен жазылған пікірді көрдім. Мені қала басшысы ретінде екіжүзді деп айыптау қорлық деп санаймын. Әрине, өзімнің ар-намысыма тиген мұндай дәлелсіз сөзді елеусіз қалдыра алмаймын. Оның үстіне, сол адамға біреуді қорлаудың жауапкершілігі болатыны туралы ескерткенімде, ол мұны қорқыту деп қабылдады. Мен әрдайым дәлелді, негізі бар талаптарды тыңдауға дайынмын. Бірақ барлықтарыңыз сияқты жеке басыма қатысты қорлыққа шыдамаймын. Мұндай қорлық атқарушы билік пен тұрғындар арасындағы тиімді диалогқа жат. Сіздер бұл оқиғаға түсіністікпен қарап, объективті баға береді деп сенемін, –  деді Ж.Омар.

Әкім сөзінде жазбасына пікір қалдырған азаматты заң аясында жауапқа тартқысы келетінін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір