• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:51:50
Алматы
+12°

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу изоляторынан Бішкектегі №1 тергеу изоляторына ауыстырды. Бұған қарсылық ретінде экс-президент аштық жариялады. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады. 

Алмазбек Атамбаевтың қорғаушысы Замир Жоошевтың айтуынша, бұрынғы президентті жертөледе ұстап отыр, бұрын өлім жазасына кесілгендер сол жерге қамалатын.

Атамбаевтың денсаулығы нашар екені, өкпесі қабынғаны, жүрегі ауыратыны хабарланды.

– Соңғы кездері ол камерада ешкім болмаған, ол жаққа енді ғана жылу жүйесін қосты, құбыр жүйесі істемейді, камера есіктері үнемі ашық тұрады. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады, – дейді Жоошев.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев Бішкектегі алаңда тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен 10 қазанда ұсталған еді. Ол өзге де бұрынғы шенеуніктермен бірге 6 қазанға қараған түні демонстранттар талабымен босатылған болатын.

Оның үстінен 2019 жылы Кой-Таштағы оқиғаға байланысты "Адам өлтіру", "Адамдарды кепілдікке алу", "Жаппай тәртіпсіздік", "Бұзақылық", "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалған. Атамбаев пен өзге де айыпталушылар айыптарды жоққа шығарады.

2020 жылы жазда Бішкек аудандық соты қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісіне қатысы бар деп айыпталған Атамбаевты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырған еді. Сот оның мүлкін тәркілеп, мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырған. Кейінірек Бішкек қалалық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Кой-Таштағы оқиға бойынша сот әзірге шешім қабылдамады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір