29 Қазан, 2020 Барлық аймақтар
Фото: Ақжол партиясының баспасөз қызметі
"Партиялар әкімнің емес, биліктің құлы болуға тиіс" Мұндай мәлімдемені "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Ақтөбеде өткен конференцияда айтты.
Конференция барысында Перуашев партия бағдарламасының негізгі бағыттарының жобасын таныстырып, бағдарламаға билік монополиясын өзгертуге, парламенттік республика институттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінгенін айтты.
Сондай-ақ Азат Перуашев жиында NurOtan партиясының барлық филиалдарын әкімдердің басқаруы дұрыс еместігін атап өтті.
– Аймақтың басшысы шенеуніктердің тар мүддесіне емес, барлық азаматтарға қызмет етуге тиіс. Иә, NurOtan партиясының миллион мүшесі бар дейді. Бірақ еліміздің халқы – 19 миллион емес пе! Егер әкімдер өздерінікін ғана қолдай берсе, қалған 18 миллион кімге үміт артады? Мұндай тәжірибеден бас тарту керек, мүмкін әкімдерге билік партиясының филиалдарын басқаруға тыйым салған жөн. Әкімдер биліктің емес, халықтың құлы болсын, – деді Перуашев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір