29 Қазан, 2020 NEWS
Фото: inbusiness.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларының еңбекақысын көтеруді тапсырды. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.
Ресми сайттың хабарлауынша, мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау негізгі міндеттердің бірі екенін жеткізген.
"Тәртіп сақшыларына баспана жалдауға өтемақы ретінде 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі" делінген хабарламада.
Тоқаев ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбекақысы төмен екенін атап айтып, үкіметке 3 жылдың ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берді
Оқи отырыңыз: "Жол беруге болмайды". Тоқаев бірқатар мәселелерді айтты
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір