• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:58:14
Алматы
+12°

Солтүстік Қазақстан облысында мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге пара алған күдікті ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"СҚО әкімі аппаратнына қарасты басқармалардың бірінде басшы міндетін атқарушы тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды.

Ол шарттары бұрын нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінді" делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Іс бойынша шешім тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір