30 Қазан, 2020 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды, деп мәлімдеді primeminister.kz сайты.
Ералы Тоғжанов облыс әкімдігіне он күн мерзім ішінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдауды, Денсаулық сақтау министрлігіне консультативтік-әдістемелік көмек көрсету үшін жоғары білікті мамандарды өңірге жіберуді тапсырды.
Ведомствоаралық комиссия төрағасының шешімімен ШҚО-да төмендегідей шектеу шараларын енгізілмек:
- 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Өскемен қаласына кіру және шығу бойынша әуе қозғалысын азайту:
- Нұр-Сұлтан қаласына/нан – аптасына 17-ден 7 рейске дейін;
- Алматы қаласына/нан – аптасына 14-тен 7 рейске дейін;
- Шымкент қаласына/нан – аптасына 2-ден 1 рейске дейін.
- 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан – Өскемен бағыты бойынша теміржол қатынасын аптасына 3-тен 1-ге дейін, Алматы – Өскемен бағыты бойынша аптасына 7-ден 3-ке дейін қысқарту;
- жолаушылардың Шығыс Қазақстан облысынан әуе және темір жол көлігімен шығуы үшін COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР тестілеуінен өткені туралы анықтаманың міндетті түрде болуын қамтамасыз ету (берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын);
- транзитпен өтетін теміржол құрамдарының облыс ішінде тоқтауына тыйым салу;
- санитарлық бекеттерді орната отырып, Шығыс Қазақстан облысына кіруді және шығуды шектеу;
- облыстың басқа қалалары/аудандары арасында халықтың қозғалысын сақтай отырып, Өскемен қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салу;
- демалыс және мереке күндері шектеу шараларын күшейту;
- халық арасындағы байланыстарды азайту мақсатында қоғамдық көліктің қатынау санын ұлғайту;
- қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтағы жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз ету;
- офлайн форматта жиналыстарды өткізуге тыйым салу;
- кіреберістерде, лифтілерде, автотұрақтарда және балалар ойнайтын алаңдарда, азық-түлік базарларында және т. б. жерлерде дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің (вахтаға кіру және шығу кезінде) толық көлемде ПТР тексерілуін қамтамасыз ету;
- әуежайларға, теміржол вокзалдарына күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруіне тыйым салу (қолында билеті болған жағдайда ғана өткізу);
- адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, мониторингтік топтардың карантин режимін сақтау жөніндегі жұмысын күшейту;
- карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде шараларды қабылдау.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір