31 Қазан, 2020 NEWS
Фото: ашық дереккөз
Желілерде экс-министр Біртановтың қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Ақпарат анықтамалық құжаттың суреті түрінде бірнеше Telegram каналдарында пайда болған. Кейін бірқатар ақпарат құралдары сол дереккөздеріне сілтеме жасап, экс-денсаулық сақтау министрінің қамауға алынғанын да жариялап үлгеріпті.
Ал ресми органдардан түсініктеме сұрағанда, Біртановтың қамауға алынғаны туралы ақпарат расталмаған, бірақ бұл ақпаратты жоққа да шығармады.
Кейін Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Біртановтың ұсталғандығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
– Қазақстан Республикасының бұрынғы Денсаулық сақтау министріне қатысты тергеу әрекеттері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды, – деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, биыл 25 маусымда Елжан Біртанов коронавирусты жұқтыруына байланысты, Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес, Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған еді. Содан бері осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы қызметін Алексей Цой басқарып келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір