• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:24:28
Алматы
+12°

Премьер-министр Асқар Мамин Қызылорда облысының бірқатар білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беріп, жаңарту туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 28 қазанындағы №712 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің "Өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мүлкаман Қалауовтың есімі;

2) "Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 80 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Жүргеновтің есімі;

3) "Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 279 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Елеу Көшербаевтың есімі;

4) Жалағаш аудандық білім бөлімінің № 201 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

Сондай-ақ  Қазалы аудандық мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді және Қызылорда қаласындағы "Мұрагер мектебі"  "Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп" болып ауысты.

Қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір