03 Қараша, 2020 NEWS
Фото: Karandash.news
Польшада 16 жастағы Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға қарашаның 2-сі күні Польшаның Ополе Любельское қаласында болған. Қайтыс болған азамат 2004 жылы дүниеге келгені анықталды.
"2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Елшілік ҚР азаматының туыстарымен байланыс орнатып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын атқарып жатыр" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір