• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:53:50
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Біргеміз Жетісу» қорының қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен Алматы облысының 396 мың тұрғынына жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге көмек көрсетілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифингіде айтты. 

–  2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет дер кезінде халықты әлеуметтік қорғау және бизнесті қолдау шараларын қабылдады. Осының арқасында экономиканың негізгі салаларында өсім қарқынын сақтай алдық, – деген А. Баталов тоғыз айдағы облыстың жеткен жетістіктерін кеңінен тарқатты. 

Алматы облысы әкімінің айтуынша, тоғыз ай ішінде 437,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 8,8% құрады. Алматы облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 5 трлн. теңгеден астам болатын 517 жоба бар. Облыс аграрлық бағыттан бірте-бірте аграрлық-индустриалдық бағытқа өтуде, қазір өңдеу өнеркәсібінің үлесі 87% жетті.

Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес әртараптандырылған және технологияланған экономиканы қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізуде Трансұлттық копаниялар маңызды рөлге ие. Трансұлттық компаниялардың жалпы сомасы 165 млрд. теңге болатын, төрт мың жұмыс орнын құратын 9 жобасы жүзеге асырылуда. Оның үшеуі – «Маревен Фуд», «Лукойл», «Willo» іске қосылды, жыл соңына дейін тағы бір нысан - қуаттылығы жылына 60 мың тонналық «SSA Фид Миллс» құрама жем зауыты пайдалануға берілді.Спикер қуаты жылына 1,2 млн. тонна болатын облыстағы алғашқы цемент зауыты «Алацем» іске қосылады. Жалпы биылғы жылы жалпы құны 153 млрд. теңге болатын барлығы 71 жоба жүзеге асырылады. Жыл қорытындысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеден асады, шикізаттық емес экспорт 6% өсіп, 406 млн. АҚШ долларына жетеді деп жоспарлануда. Жалпы облыстың инвестициялық қоржынында жалпы құны 5 трлн. теңгеден астам болатын 517 жоба бар. Оларда 45 мың жұмыс орны ашылады. 

Еліміздің ауыл шаруашылығы өніміндегі Алматы облысының үлесі – 17 пайыз. Дегенмен облыс осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамуға бағыт алған. Президенттің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес біз бұл бағытта төрт негізгі стратегиялық мақсатты белгіледік. Олар – ет пен сүт өндірісін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру.

Алматы облысында ірі қара мал басы 1,3 миллионнан, ал қой мен ешкі 4,2 млн. бастан асты. Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында 26 мың басқа арналған 82 тауарлы-сүт фермасы құрылған. Алайда ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі небары 4% өсіп, 66%-ті құраса, сүт зауыттарының жүктемесі - 73,4%. Сондықтан біз 2025 жылға дейін ет өндірісін 500 мың тоннаға, сүт өндірісін 900 мың тоннаға дейін жеткізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 25 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Президенттің суармалы жерді ұлғайту туралы тапсырмасына орай облыста жалпы 138 мың гектар суармалы жерді айналымға қосу жоспарланған. Өткен жылы 20 мың гектар қалпына келтірілсе, биылғы жылы тағы 20 мың гектар айналымға қосылады. Бұл АӨК өндірісінің көлемін арттыруға және оның экспорттық әлеуетін ұлғайтуға ықпал етеді. «Қазірдің өзінде көрсеткіштеріміз жаман емес. Өткен 9 айда АӨК өнімі экспортының көлемі 1,3 есе өсіп, 93 млн. АҚШ долларын құрады. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығында жалпы өнім 2,2% өсіп, 900 млрд. теңгеден асады, ал еңбек өнімділігі 2,5 млн. теңгеге жетеді.Алматы облысының жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% жетеді

Пандемия кезінде  шағын және орта бизнес көп зардап шекті. Соған байланысты Алматы облысында дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бизнестің 119 мың субъектісі салықтық ынталандыруға қол жеткізді. 641 субъектіге 24 млрд. теңге несие бойынша төлемді кейінге шегеруге жағдай жасалды. Баяндамада айтылғандай, өңірдегі 6,5 мың жалгерлер үшін жеке секторда жалға алу құны 30%-тен 90%-ке дейін төмендетілген, бизнестің 690 субъектісі коммуналдық меншік мүліктерін жалға алу төлемінен толық босатылды. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 16,2 млрд. теңге бөлінді. 

–  Осы айтылған шаралардың барлығы шағын және орта бизнес көрсеткіштерін өткен жылдың деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. Соған сәйкес шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1,7 трлн. теңгені құрап, жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% жетеді. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 35 %-ға жеткізу тапсырылған болатын, біз бұл межеге келесі жылы жете аламыз, – деді А. Баталов. 

Алматы облысында 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көрсеткіш 7,6% өсті. Тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр. 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 7,6% құрады. Ал жылдық жоспар – 938,8 мың шаршы метр. Өңір басшысының айтуынша, Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына 38,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы облыста барлығы 2843 пәтерлік 566 тұрғын үй салынуда, оның 1020-сы көп балалы отбасыларына беріледі. 1533 отбасы «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша пәтер алады.

Облыс орталығы Талдықорғанда 670 үйлік коттедж қалашығының құрылысы жүріп жатыр. Биылғы жылы 345-ін қолданысқа береміз. Мұнда мектеп, балабақша, балалар және спорт алаңдары салынуда. Жыл соңына қарай Алматы облысының 1,2 млн. тұрғыны немесе 57% табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады

Алматы облысында ауыз сумен қамту жүйелерінің құрылысы мен жөндеуіне қатысты 17,9 млрд. теңгеге 110 жоба іске асырылуда. Осының нәтижесінде 90 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарады. – Бүгінгі күні Алматы облысы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту бойынша көшбасшы саналады – қамту көрсеткіші – 98,8%. Сонымен қатар бүгінгі күні газ облыстың 15 ауданы мен қаласына жеткізіліп, газдандыруға жататын 144 елді мекенге газ тартылды. Талдықорғанда IV кезегі аяқталуда, Балқаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ және Ескелді аудандарында ауылішілік желілердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.  Жыл соңына қарай облыстың 1,2 млн. тұрғыны немесе 57% газға қосылуға мүмкіндік алады.

Бес ауданда  газ жеткізілмеген, ол үшін «Ақсу - Сарқан - Үшарал», «Шелек – Кеген - Нарынқол» бағытындағы газ құбырлары құрылысының құжаттамалары дайындалуда. Соның нәтижесінде тағы 300 мың адам газбен қамтылатын болады.Жалпы жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына Алматы облысында 62 млрд. теңге бөлінген. Жалпы жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына 62 млрд. теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту жол картасының» арқасында біз ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлдік. Жөндеу жүріп жатқан 347 елді мекеннің 220-сы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде қамтылып отыр. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 84% жетеді.Спикердің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал» және «Ұзынағаш - Отар» республикалық жолдарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, бұл транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді.

Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і немесе 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға бағытталды  Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында Алматы облысында 56,2 мың жұмыс орны құрылды, соның 30,1 мыңы – тұрақты жұмыс орыны. Бұл ретте «Жұмыспен қамту жол картасы» өз тиімділігін көрсетті, осы бағдарлама шеңберінде құны 105,6 млрд. теңгелік, 20,9 мың жұмыс орнымен 1051 жоба іске асырылуда. Соның 1,8 мыңы тұрақты жұмыс болса, 10,5 мыңы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылған.

Спикердің айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і жоба немесе 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге бағытталды. Өңірде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 33 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, бұл мақсатқа 15,7 млрд. теңге қарастырылған.

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 16,3 мың отбасы жалпы сомасы 6,3 млрд. теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек алды. Жалпы сомасы 712,5 млн. теңге болатын кепілді әлеуметтік пакет 19 мың балаға берілді.  Жалпы сомасы 15,7 млрд. теңге болатын 42 500 теңге төлемін 368,2 мың адам алды. Атап өтсек, «Біргеміз», «Біргеміз Жетісу» қорының қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен облыстың 396 мың тұрғынына жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге көмек көрсетілді.

Алматы облысында құрылысы жүріп жатқан 23-і мектептің 17-сі үш ауысымды болдырмау мақсатында салынуда. Алматы облысында биылғы жылы 32 білім мекемесінің құрылысы жүруде, соның 23-і мектеп, оның 17-сі үш ауысымды болдырмау мақсатында салынуда. Жетісу өңірінде балаларды мектепке тасымалдайтын көліктерді жаңартуға бір млрд. теңге бөлініп, жаңа әрі жайлы 70 автобус сатып алынған.

Спикер сондай-ақ Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін 280 орындық және Қаратал ауданында колледжге арналып 50 орындық жаңа жатақханалар салынғанын, жыл соңына дейін Талдықорғанда тағы 480 орынға екі жатақхана пайдалануға берілетінін атап өтті. Сол сияқты білім беру саласында оқушылар мен колледж студенттерін қашықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

Алматы облысында пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд. теңге бөліндіАлматы облысында биыл 12,9 млрд. теңгеге денсаулық сақтау саласының 17 нысаны салынуда, 7 нысанның күрделі жөндеуіне  3,0 млрд. теңге бөлінді.

– COVID-19 індеті денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сын болды, қабылданған шараларға қарамастан кадр жетіспеушілігі, құрал-жабдықтар жеткіліксіздігі әлі бар. Сондықтан жалпы пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд. теңге бөлінді, соның 8,8 млрд. теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылды, – деп атап өтті А. Баталов. 

Оның айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсектік модульді инфекциялық аурухана салынды. Ол барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және штатпен қамтылды. Ал материалдық қолдау көрсету шеңберінде 5362 медицина қызметкеріне 4,7 млрд. теңге көлемінде үстемақы төленді, 1123 медицина маманына жергілікті бюджеттен 137 млн. теңге сыйақы берілген. Алматы облысында биылғы жылы 50 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр.

Бүгін Алматы облысының басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы және оның дамуына мемлекет тарапынан елеулі қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы қант қызылшасының алқабы 16 мың гектарға жетті. Одан 550 мың тонна өнім алып, 50 мың тонна ақ қант өндіру жоспарланып отыр. Елбасының қант қызылшасының бұрынғы даңқын жаңғырту туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыс басшылығы 2014 жылдан бастап барлық қажетті шараларды қабылдады. Егер 2014 жылы қант қызылшасының алқабы 1,2 мың гектар болса, 2020 жылы ол 16 мың гектарға жеткізіліп, 14 есеге жуық көрсеткішке ұлғайтылды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін облыстың шаруа қожалықтарына субсидия беріліп, Франция, Германия, Дания елдерінен әкелінген жоғары өнімділікті тұқым берілді. Арнайы техника және жанар-жағармай мәселесі де шешілді. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен қант қызылшасы бағытында 29 сервистік-дайындау орталықтары құрылып, құны 6,4 млрд. теңге болатын 621 бірлік арнайы техника сатып алынды. СДО-лар үшін барлығы 1200 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, қаржылық лизингіге берілді. 

«Біз қант қызылшасын өсірумен қатар өңдеу ісін де шештік. Қызылша өсіру өте ауыр жұмысты талап етеді. Сондықтан оның әр тал өнімін шашау шығармай өңдеуді жолға қоюымыз керек болды. Сондықтан біз ең алдымен жылдар бойы тоқтап тұрған Көксу қант зауытын, одан кейін Ақсу қант зауытын іске қостық. Инвесторлар тарттық. Олар зауытты қайта жаңғыртудан өткізіп, отандық, ресейлік, украиналық және басқа да шетелдік ең озық үлгідегі құрал-жабдықтарды орнатты. Сол сияқты зауыттарда бұрыннан істеген мамандарды қайта шақырдық», – деп атап өтті А. Баталов. 

Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын 80 % қайта жаңғыртылды, өндіріс толық автоматтандырылған, бұл қант сапасын еселеп арттыруға ықпал етуде. Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе кеміген. Бүгінде Ақсу қант зауытының кезекті жаңғырту жұмыстарынан кейін өңдеу қуаттылығы 350 мың тоннадан 500 мың тоннаға ұлғайтылды. Зауытта қант қызылшасынан шығатын жомды кептіруге арналған және оны түйіршіктейтін желі іске қосуға дайын.

«Қызылша жомы – малға таптырмайтын азық. Облыста мал бордақылау алаңдарының қатары артып келеді, сондықтан кептірілген жомды өткізу қиындық туғызбайды. Оның үстіне жаңа технологияның арқасында жом брикеттеліп, құрғақ күйінде жеткізіледі. Сонда ол ұзақ сақталады әрі өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Сол сияқты ашытқы зауыты мен құрамажем зауытын салу арқылы өндірісті одан әрі кеңейту жоспарда бар. Сөйтіп зауыт қалдықсыз өндіретін кәсіпорын болады. Өндірістік қуатын арттырудың арқасында бізге тағы бір зауытты іске қосудың қажеттілігі тумайды. Біз қазір суармалы жерлерді ұлғайтумен, оған қоса қант қызылшасы алқабының көлемін арттырумен айналысып жатырмыз», – деді қант қызылшасы өндірісін дамыту туралы жоспарларымен бөліскен Амандық Баталов. 

Инвесторлармен бірлесіп, қант зауытында қамыс шикізатын өңдеу бағытында жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл зауыттың жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылға қарай облыс еліміздің ақ қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз ете алады (шығару – 350 мың тонна, қажеттілік – 480 мың тонна).  Жиын соңын Алматы облысының әкімі журналистердің сұрақтарына тұшымды жауап берді

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы А. Баталов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір