• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:42:05
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

Бейсенбі, 5 қараша күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Aqtóbe» телеарнасының 60 жылдық мерейтойына арналған шара өтті.  

Мерейтойлық жиынға облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.Отыншин, теларна ұжымы мен ардагерлері, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан арнайы келген облыстық телеарна басшылары Б. Жүсіп, М.Әлібекұлы қатысты.   qamshy.kz

Аймақ басшысы алпыс жылдық асуды еңсерген телеарна ұжымын құттықтап, осы салада көп жылдар бойы еңбек еткен журналистерге алғыс хаттар, мерейтойлық сертификаттар мен гүлшоқтарын табыстады.  qamshy.kz

«Осыдан 60 жыл бұрын «Aqtóbe» телеарнасының негізі қаланып, алғашқы аймақтық хабарлар эфирге шыға бастады. Осы жылдар ішінде қалың жұртшылықтың құрметіне бөленген «Aqtóbe» телеарнасының облысымыздың рухани-мәдени, әлеуметтік, саяси-қоғамдық құндылықтарының дамуына, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына қосқан үлесі өлшеусіз. Заман талабына сай оң мен солыңды, ақ пен қараны ажырататын ұлтжанды хабарлардың көрсетілуі ұрпақ санасына ой салары анық. 60 жыл ішінде әр қазақтың төрінен орын алған көгілдір экраннан сан түрлі құнды дүниелер жарық көріп, қалың көрерменге жол тартып келеді. Осы жылдар ішінде «Aqtóbe» телеарнасы зиялы қауымның рухани, мәдени ошағына айналды. Қара шаңырақта әр жылдары еңбек еткен аға буын өкілдері көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, болашаққа бағыт-бағдар беріп, жол сілтеді. Өткір ой, батыл пікір, тың бастамалар көтеріп, аймақтың түрлі жаңалықтары мен әлеуметтің мұң-мұқтажын айқын көрсететін телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысты», - деді облыс басшысы.  qamshy.kz

Айта кетейік, бүгінгі күні «Aqtóbe» телеарнасының хабарлары облыстың 112 елді мекеніне тарайды. Өңір халқының 98 пайызы осы телеарна арқылы күн сайын берілетін республика, қала және облыс көлеміндегі жаңалықтар мен түрлі тақырыптардағы телебағдарламаларын көріп келеді. Еліміздің батыс аймағы бойынша шоқтығы биік телеарнаның бірі саналатын «Aqtóbe» телеарнасында қазіргі заманға лайық соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған 5 студиясы бар. qamshy.kzqamshy.kz

Соңғы жылдары телеарнаның шығармашылық ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесінен шыққан рухани-мәдени, әлеуметтік, саяси-қоғамдық мәселелерді көтерген өзекті бағдарламалары, сұхбаттары, авторлық хабарлары мен деректі фильмдері халықтың жүрегінен жол тауып, қоғам тәрбиесіне өзіндік үлесін қосуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір