Фотоколлаж
Шетелде жүрген оппозиционер Ержан Тұрғымбай айтыскер ақын Ринат Заитовқа өзінің youtube арнасын ашып беруді сұрап, үндеу жасады.
Оппозиционердің сөзінше, Ринат Заитов youtube арнасының көрермендері өзінің арнасына шағым түсірген. Соның салдарынан Ержан Тұрғымбай арнасы 13 қазан күні бұғатталған.
"Кеше Ринат Заитов өз арнасында мен туралы айтыпты. 13 қазан күні арнам бұғатталды. "Неге?" деп едім, Ринат Заитов арнасынан шағым түсті деді. Саған хабарластым, алмадың. Мынау елімізде қазақ тілінде шығатын жалғыз оппозициялық арна. Сайлау басталардың алдында, тура 13 қаңтарға дейін бұғаттап тастау түсініксіз дедім. Ринат арыз жазып арнамды ашып бер деп сұрадым. Келіскендей болып ең. Сен халықты алдап жатырсың. Ұятың шамалы екен. Мен сені мына жерде әшкерелемейін. Сен маған дүйсенбі күні кешке дейін өз арнаңнан хат жазып бер. Сосын бұл тақырыпты жабайық. Егер олай болмайтын болса, әңгіме басқа болады. Сен өз беделіңді өзің түсіресің. Мен сені құрметтеймін, мәдениет саласында өз еңбегің бар. Назарбаевтың лас саясатының құрбаны болып қалма. Мен саған аға ретінде жаным ашып айтып жатырмын" делінген видеоүндеуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір