• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:26:57
Алматы
+12°

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

26 қазандағы №64 қаулыға өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер бойынша, биылғы оқу жылының екінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық мектептерге дәстүрлі форматта оқуға көшуге рұқсат етіледі. Жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейінгі кезекші сыныптарға, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі.

Коронавирусқа ПТР-анықтамасыз халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер мен ұйымдардың (қонақүйлер); ПТР-анықтамасы болған кезде халықтың үш күннен аса тұруы бойынша туризм объектілерінің (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, турбазалар) қызметіне рұқсат етіледі.

19 қарашадан 30 қарашаға дейінгі аралықта "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының тестілік режимдегі қызметіне рұқсат етіледі. 

10 қарашадан бастап залда 50 пайыздан аспайтын, ал санитар ережесі қатаң сақталған залда 100 адамнан аспайтын театрлардың қызметіне рұқсат етілді.

10 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, діни объектілерде ұжымдық құлшылық етуге, мешіттерде намаз оқуға рұқсат етіледі. Діни орындардың 30 пайызына дейін толықтырылып, нақты 100 адамнан аспаған жағдайда санитар ережелерін қатаң сақтаса, рұқсат етіледі.

Ойын-сауық орталықтары және сауда үйлерінің қызметі сағат 22.00-ге дейін рұқсат етіледі. Сағат 17.00-ге дейін азық-түлік сатпайтын базарлар мен жабық азық-түлік базарларына жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарына 50 адамға дейін толықтыруға рұқсат етіледі. Алайда ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бекшин жаңа қаулы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір