• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:57:12
Алматы
+12°

11 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Семей кәсіпкерлері наразылық акциясына шықты

Шағын және орта бизнестің 50-ден астам өкілі қала әкімі Ермак Сәлімовпен кездесіп, наразылығын білдірді.

Фото: ШҚО әкімдігі

Семей қаласы кәсіпкерлері карантиндік шектеу шараларын жеңілдету талабымен алаңға жиналды. Шағын және орта бизнестің 50-ден астам өкілі қала әкімі Ермак Сәлімовпен кездесіп, наразылық білдірді.

Кездесу барысында індеттің облыс аумағында таралу қарқыны артып, Шығыс Қазақстан «Қызыл аймаққа» енгізілген тұста, қандайда бір босаңсулар мен жеңілдіктер туралы сөз айту орынсыз екені айтылды. 

Екінші толқын кезінде наурыз-маусым айларындағыдай қатаң шаралар қабылданбады. Дегенмен, кәсіпкерлер соның өзінде карантин шараларын бұзатын әрекеттерге жол беріп отыр. Соңғы мысал – Семей мейрамханаларының бірінде ұйымдастырылған үйлену тойы. Онда танымал спортшылар, өнер адамдары, бизнесмендер мен шоумендер жиналған. Бір қызығы, рұқсат етілмеген салтанатты мерекеге қатысқандардың арасында коронавируспен ауырып шыққандар бар. 

Қазіргі кезде орта және кіші кәсіп орындарына карантин нормаларын сақтай отыра жұмыс істеуіне рұқсат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір