• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:12:51
Алматы
+12°

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңес өтті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

– 16 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика сары аймақта тұр. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары қызыл аймақта. Орташа қауіпті сары аймақта – Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Қалған өңір салыстырмалы түрде инфекцияның таралу қаупі төмен жасыл аймақта.

КВИ-ге шалдыққандар саны артқан жағдайда, халыққа сапалы және уақтылы көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар 71 мың төсек-орын дайындап отыр. Қазір инфекциялық төсектің 21% және реанимациялық төсектің 17% пациент бар. Азаматтарға үйде медициналық көмек көрсету үшін көшпелі мобильді бригадалар дайындалды. Мобильді бригадалар биыл шілдеден бері 280 мыңнан астам қызмет көрсетті.  Шілде айымен салыстырғанда қазір жедел медициналық көмек шақырушылар саны 43,8%, ал КВИ бойынша – 79%  төмендеді, – деді А. Цой.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір