• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:04:29
Алматы
+35°

Алматы облысы Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағым бойынша тексеріс жүргізіледі.

Бұған дейін желіде бас дәрігер тұрғындармен кездесу барысында үстелді тоқпақтап, дөрекі жауап берген видео тараған.

Кездесуге келген тұрғындардың бірі бас дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойған. Видео сыртындағы адам "Мен жақында жазбаша түрде жүгіндім, емханаңызда дәрі де жоқ, өз ақшама сатып алдым. (...) Емханаға келгенде "дәрі жоқ" деп айтады. Ана жеті миллиард ақша қайда кетті?" деп сұраған.

Видеодан сауалға жауап берген бас дәрігердің тұрғынға айғайлап, қолымен үстелді тоқтпақтап ұрып, орнынан тұрып кеткенін көруге болады.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға байланысты тексеріс басталғанын мәлім етті.

"Денсаулық сақтау басқармасы жанынан Талғар аудандық аурухананың бас дәрігері Н. Құлсейітовтің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі ұстауы мәселесін қарастыруғы байланысты комиссия құрылды" делінген ведомствоның хабарламасында. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бас дәрігер Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір