23 Қараша, 2020 NEWS
Фото: kursiv.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемге байланысты кейбір telegram-боттардың фейк екенін хабарлады.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк.
Министрлік тек ресми дерекөздердегі ақпаратқа сенуді сұрады.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды. Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір