• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:36:55
Алматы
+12°

24 Қараша, 2020 Саясат

Канадалық компаниямен дау: Қазақстан сотта жеңіске жетті

2019 жылдың 29 қазанында сот талап-арыздың жалпы сомасынан (1,9 млрд АҚШ доллары) 1%-дан кем мөлшерде талапкерлерге өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.

Фотоколлаж: Tengrinews.kz

2020 жылғы 23 қарашада Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасына қарсы «World Wide Minerals» канадалық компанияның және Пол А. Кэроллдың талабы бойынша шығарылған төрелік шешімнің (соның ішінде залал, пайыздар және сома бойынша) күшін жойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылдың 29 қазанында сот арызда көрсетілген сомадан (1,9 млрд АҚШ доллары) 1%-дан кем мөлшерде талапкерлерге өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасы 2019 жылдың қараша айында 1996 жылғы Төрелік Заңның 68-бабының тәртібімен  Англияның Жоғары сотына өтініш берді.

Англияның Жоғары соты 2020 жылғы 23 қарашада қазақстандық тараптың дәлелдерімен келісе отырып, талапкерлерге ұйғарылған талап сомасы мен шығындарға қатысты шешімнің күшін жойып, оны қайта қарауға жіберді.

Сот «World Wide Minerals Ltd» және П. Карролдан ҚР-ның пайдасына 350 000 АҚШ доллары көлемінде сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Англияның Жоғары соты 1996 жылғы төрелік Заңының 68-бабының тәртібінде шағымдану процесіне байланысты Қазақстан Республикасына берілетін өзге де шығындардың сомасын қосымша бағалайды.

Осы дауда Қазақстан Республикасының мүдделерін Әділет министрлігі, «Reed Smith LLP» халықаралық  заң фирмасы, «Essex Court Chambers» адвокаттық палатадан Джо Смоуа корольдік адвокаты, Лондон қ. «3 Verulam Buildings» адвокаттық палатының мүшелері Кристофер Харис корольдік адвокаты және Пол Ви адвокатымен бірлесіп жұмыс істеді.

«Essex Court Chambers» және «3 Verulam Buildings» өкілдері бірқатар төрелік талаптар бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін сәтті қорғанын атап өту қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір