27 Қараша, 2020 NEWS
Шетелдегі этникалық қазақтар Қазақстан халқына көмектесті
Этникалық қазақтар жеке қаражат есебінен миллион дана медициналық бетперде жеткізіп, қиын сәтте қол ұшын берді.
Фото: centralasia.media
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен әлем елдеріндегі қазақ диаспоралары тарихи Отанына көмек жіберді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Елдегі пандемиямен күреске үлес қосты. Жеке қаражат есебінен миллион дана медициналық бетперде жеткізіп қиын сәтте қол ұшын берді. Бүгін елордада республикалық қауымдастық өкілдері қандастардың көмегін қабылдап, мұқтаж жандар мен пандемиямен күрестің алдыңғы шебіндегі медицина қызметкерлеріне таратты. Бұдан бөлек, алдағы уақытта қандастар тарапынан өкпені жасанды желдету аппараты мен дәрумендер жеткізіледі.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы орталық кеңсесінің кеңесшісі Қарлығаш Бекпатшақызы маскалар тұрмысы төмен отбасыларға, зейнеткерлерге, емхана, мектептерге таратылып жатқанын айтты.
– Мұның бәрі көп болар, аз болар, сақтық шараларын қолданып, тамшыдай болса да қосып жатқан көмегі. Елім деп алаңдап жатыр. Қазағым қиындық көрмесін деп жіберіп жатқан сәлемдемелері. Көп емеспіз. Азғантаймыз, – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір