29 Қараша, 2020 Спорт
Фото: Ауыр атлетика федерациясының instagram парақшасынан
20 жастағы қарағандылық ауыр атлет Артём Антропов бұған дейін Илья Ильинге тиесілі болған Қазақстан рекордын жаңартты. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.
28 қарашада ауыр атлетиканың жекелей жаттығуы бойынша ел біріншілігі аяқталды. Спортшылар жарысқа қашықтан қатысқан.
102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 20 жастағы Артём Антропов топ жарып, қос сайыс қорытындысы бойынша 373 келі көтерген (157+216).
Ол серпе көтеруде 216 келіні бағындырып Қазақстан рекордын жаңартқан. Осы жаттығуда бұған дейін рекорд Илья Ильинге тиесілі еді. Оның көрсеткіші 208 келі болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір