• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:22:07
+12°

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанда парламент мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауы өтеді. Оған "NurOtan",  "Бірлік", "Ауыл", "Ақ Жол", Қазақстанның халық партиясы қатысады. Ал Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауға байкот жариялаған болатын. Осыған қатысты саясаткер, оппозициялық "Дат" газетінің жетекшісі Ермұрат Бапи "Неге" ток-шоуында  пікір білдірді. 

– Қоғамдағы белгілі бір ұйымның байкот жариялауы мен партияның байкоты екі бөлек дүние. ЖСДБ партиясының жариялаған байкоты биліктің ықпалымен жасалған. Егер бұл партия сайлауға түскенде, 30 пайыз дауысты алар еді. Сондықтан олардың бұл қадамына 10 қаңтардан кейін төңкеріс болып кетпеуі үшін биліктің  жасаған әрекеті деп баға беруге болады. Демек, ЖСДП қоғамның байкотын емес, биліктің байкотын қабылдады. Бастысы бұл сайлауда интрига қалмады. Азарт жоқ. Қызық жоқ. Ешқандай саяси мүдделердің қақтығысы да жоқ. Азаматтық қоғам сенген бір-ақ партия болды. Ол да енді бітті. Ақша жоқ деген сылтау ғана. Бұл партия елдегі әрбір офисін қаржыландырып жатыр. 14 облыстағы офисті қаржыландыруға қаншама миллион қаражат керек?!. Бұны партияға билік берді ме, басқа берді ме, білмедім. Сол ақшаға ЖСДП халықтың, қоғамның мүддесін сатып кетті, – деді саясаткер. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір