• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:24:04
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде "Түркістан облысында түсірілген" делінген полицияның ұстау опреациясы мен қару атылғаны көрсетілген видео тарап жатыр. Видеодағы мәтіндік хабарламада оқиға салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапқаны айтылған. StopFake сайты бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

"Шын мәнінде, роликтің Қазақстанға еш қатысы жоқ. Ол Ресейде түсірілген. Видео Youtube-та бірнеше жыл бұрын жарияланған" делінген сайт жазбасында.
 
 
 
– Бұл ақпарат жалған екенін және оқиғаның 2014 жылы Ресей аумағында болғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар азаматтардан жалған ақпаратты одан әрі таратпауды сұраймыз және мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға күнделікті бақылау жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір