• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:54:08
Алматы
+12°

Алматы облысында бес баланың анасының өліміне қатысы бар дәрігерлерге сот үкімі шықты. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.

2018 жылдың қазан айында  35 жастағы бес баланың анасы босанғаннан кейін қайтыс болған. Оқиға Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының орталық ауруханасы перзентханасында болды.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі ("Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің оларға ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан кәсіби міндеттерін орындамауы, тиісінше орындамауы, егер бұл әрекеттер абайсызда адам өліміне алып келсе") бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сот үкіміне сәйкес 63 жастағы дәрігер-хирург екі жылға бас бостандығынан айырылды. Оған көмек көрсеткен 33 жастағы акушер-гинекологқа үкімнің орындалуын бес жылға кейінге қалдыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал 31 жастағы акушер-гинекологқа жазасын өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ барлық үш дәрігер бір жыл мерзімге дәрігер болу құқығынан айырылды. Жәбірленушінің мүддесі үшін олардан 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ана өлімі Шонжы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір