11 Желтоқсан, 2020 Әлеумет
Қытай екіге айырған мұсылман отбасы қайта қауышты
Әзіздің отбасы Қытаймен жүргізілген дипломатиялық келісім нәтижесінде елден кетуге рұқсат алды.
Фото: BBC.com
Әзіз Абдусалам Аустралия азаматы. Ұлты – ұйғыр. Ол әйелін көрмегеніне үш жыл болған. Ал баласымен бірінші рет кездесті. Баласы 2017 жылы дүниеге келгенде ол Аустралияда еді. Олар ұзақ уақыттан кейін Сидней қаласында қайта қауышты.
Әзіздің отбасы Қытаймен жүргізілген дипломатиялық келісім нәтижесінде елден кетуге рұқсат алды. Оның әйелі үй қамақта болған. Оның да ұлты ұйғыр.
Отбасы бақытты сәтін фотоға түсіріп, желіде бөлісті. "Рақмет, Аустралия. Баршаңызға көп рақмет" деп жазды Әзіз Абдусалам твиттерде.
Әзіз Аустралия азаматы атанғанына 10 жыл. Оның қалыңдығы Қытайда тұрған. Әзіз 2016 жылы Қытайға үйлену үшін барады. Бір жылдан кейін жұмыс бабымен Аустралияға оралуға мәжбүр болды. Ол уақытта әйелі оның виза алуын күтіп Қытайда қалған. Әзіздің әйелі сол жылы босанды, бірақ Қытай билігі Әзізге виза беруден бас тартты.
Уимайер ханым босанғаннан кейін Қытай билігі оны қамауға алды. Екі аптадан кейін босатып, паспортын тартып алып, үйден шығуға тыйым салды. Аустралия Қытайдан оларды елден кетуге рұқсат беру туралы өтініш жібергенімен екі жыл бойы жауап ала алмады.
Қытай ақпанда заңды желеу етіп Әзіз бен Уимайердің отбасын тіркемеді. Әзіз твиттерда баласы мен әйелінің фотосын жариялап, "Мен отбасыммен бірге болғым келеді" деп жазды.
Аустралия диломатиялық келісімнің нәтижесінде Уимайер мен баласына Қытайдан Аустралияға келуге рұқсат алынды.
Әзіз Абдусаламу Аустралияның сыртқы істер департаментіне, заңгерлер мен журналистерге алғысын білдірді.
Адам құқығын қорғайтын ұйымдар миллиондаған ұйғыр Қытай лагерінде отырғанын айтады. Қытай адам құқығы мен бостандығын шектегенін жоққа шығарып, оны діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес екенін айтады. Оның алдын алу үшін "саяси сауаттандыру" жұмыстарын жүргізіп жатқанын алға тартты.
Қазанда 39 ел Қытай лагерлеріндегі жағдайға байланысты наразылықтарын білдірген. Оның ішінде Аустралия, Британия, АҚШ пен бірнеше Еуропа елдері бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір