• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:53:55
Алматы
+12°

 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Вячеслав Никонов секілді деңгейдегі адамның ойсыз айтылған мәлімдемесіне назар аудармайды. Бұл туралы КазТАГ агенттігіне министрліктегі дереккөз мәлім еткен.

 

– Бұл ("Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деу – ред.) мәлімдеме – спикердің (Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов – ред.) төменгі білімі мен тәрбиесін көрсететін ойсыз айтылған сөз, – деген дереккөз.

 

Инсайдер қазақстандық СыртІсМин мұндай мәлімдемелер назар аударуға тұрмайды деп санайтынын атап өткен.

– Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасында керемет достық қарым-қатынас орнаған әрі барлық мәселе бойынша түсіністік салтанат құрған, – деген дереккөз агенттікке.

Бұған дейін Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов "Первый канал" мемлекеттік телеарнасының эфирінде "Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деп мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір