Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған "Штрих к портрету" деректі фильмінің жалғасы шығады. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында жазды.

– 15 желтоқсан күні сағат 21:40-та "Хабар" телеарнасында тұңғыш президент – елбасының өмірі мен қызметіне арналған "Штрих к портрету" деректі фильмінің жалғасы шығады, – деп жазды Айдос Үкібай желідегі парақшасында.

Парақшада деректі фильмнің үзіндісі жарияланды.

–  Бұл жерде жаппай тәртіпсіздіктер болуы мүмкін еді. Бір топ адам әкімдікті басып алуға әрекеттенді. Мәселе елуде елу еді. Содан кейін оларды жою үшін қарулы күштерді қосу керек болды, – деді Назарбаев деректі фильмнің үзіндісінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір