• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:59:24
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымындағы басты міндетін айтты. Бұл туралы ол мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде мәлімдеді.

– Президент лауазымындағы менің басты міндетім – әлеуметтік әділдік және халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекеттің күнделікті іс-әрекеті азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады. Биыл 4 миллионға жуық азаматтың зейнетақысы мен әлеуметтік төлемақыларының көлемін өсірдік.  

Әлеуметтік сақтандыру төлемақысын 5 пайызға көбейттік. Аз қамтылған отбасылардың 500 мыңнан астам балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама енгіздік. Пандемия кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету үшін өңірімізде бұрын-соңды болмаған қадамға бардық. Азаматтарға 42500 теңге көлемінде тікелей төлемақы берілді. Мемлекеттен 4,5 миллионнан астам адам қаржылай көмек алды. Несиелердің шегерілуі 1 миллион 900 мыңға жуық қазақстандықтың дефолтқа түсуіне жол бермеді, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы пандемия салдарынан еліміздің басты ұлттық мерекесін кең көлемде атап өту мүмкін болмағанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір