• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:04:40
Алматы
+35°
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанды тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, Америка құрама штаттарының президенті Дональд Трамп Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдаған.

Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша қазақ халқын ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.

"Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін" делінген АҚШ президентінің жеделхатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір