• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:36:39
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

– Жарты ай бойы біздің облыс карантиндік іс-шаралардың "сары" аймағында келеді. Соңғы он бес күнде төсек қорының қамтылу пайызы 14,5-тен 11,3%-ға дейін төмендеді, ал R репродуктивті саны 0,84 деңгейінде сақталуда, – деді ол.

Оның айтуынша, ШҚО-дағы шағын және орта бизнес әдеттегі жұмыс тәртібіне қайта оралуда.

– ШҚО аумағында орналасқан азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың сауда объектілеріне, яғни барлық түрдегі базарларға, сондай-ақ супер және гипермаркеттерге, сауда үйлеріне, сауда-ойын орталықтарына мереке күндері, яғни 16-19 желтоқсан аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Әрине, тығыздығына байланысты барлық талаптар сақталуға тиіс. Демалыстан (жексенбіден) басқа күндері спорт нысандары, мұз айдындары, моншалар мен бассейндердің СПА-орталықтары да өз жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу тәртібін орындай отырып жалғастырады. Сондай-ақ балаларды оңалту және білім беру орталықтары, мәдениет объектілері, кітапханалар, мұражайлар, бизнес-орталықтар және сұлулық салондары қаулыда белгіленген шектеулерге сәйкес қызметін жүзеге асырады, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ол желідегі жазбасында дәрігерлер адам көп жиналуы ықтимал кез келген шарадан бас тартуды ұсынғанын жеткізді.

Ол қоғамдық тамақтану орындарында жаппай, отбасылық, ұжымдық мерекелер өткізуге тыйым салынғанын айтты.

– Балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынды. Сауда-ойын орталықтарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне өнімді өзімен алып кету, не жеткізу арқылы жүзеге асыруларына рұқсат етіледі, – деді Д.Ахметов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір