• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:35:59
Алматы
+35°

Фото: «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қоры

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Қызылорда облыстық және қалалық мәслихатының  депутаттығына  кандидаттар теміржолшылармен кездесті.

Кездесуге облыстық мәслихат депутатығына үміткер Нуриддин Әмитов, қалалық мәслихат депутатығына  үміткерлер Ибраким Басықараев, Айгүл Мұсабаева, Анар Ізден  сайлауалды бағдарламада өз салаларына қатысты көрсетілген мәселелерді түсіндіріп, оның нақтыланған шешім жолдарын айтып өтті.

Мәселен, облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайларын  артыруда денсаулық сақтау саласы бойынша Нуриддин Әмитов  атқарылатын жоспарлар  мен жұмыстарын таныстырды. Онда нысандардың құрылысын аяқтау, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау, мед кадрлардың жетіспеушілігін төмендетпеу  жайында  ойларымен бөліссе, білім сапасын жақсартуда  жаңа мектептердің құрылысын аяқтау, мектепті кеңейту, білім беру объектісінде күрделі жөндеуден өткізу секілді ойларын ортаға салды. Әлеуметтік мәселелер бойынша Анар Ізден ерекше қажеттіліктері  бар адамдар үшін кедергісіз орта құруда  балаларды исклюзитвті  біліммен қамтуды арттыру, ресурстық инклюзивті  орталықтарды ашуда ойын ортаға салып,онда  жасалатын тең мүмкіндіктерді саралады.

Фото: «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қоры

Ибраким Басықараев теміржол саласы бойынша теміржол құрылысы жайында нақты сандармен ойын жеткізді. Ол партия бағдарламасында алдағы уақытта 800 шақырым жол қайта жаңарту, транзиттік  жүк тасымалының жылдамдығын тәулігіне  850 шақырымнан -1200 шақырымға  арттыру, Өзбекстан мен екі ортаға жаңа теміржол өткелін салу, Қытай мен арадағы өткел кеңейтіліп, транзиттік дәліздің мүмкіндігі 2,5 есе арттыруды көздеп отырғандығын жеткізді. Партияның ұсынған нақты іс-қимыл жоспарын түсіндіру барысында  теміржол қауымы үміткерлердің Сыр өңірінің өсуі мен дамуына үлес қосам деген ниеттерін қолдап, дауыс беруге дайын екендігін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір