Фото: Кездесуде түсірілген

"Nur Otan" партиясы Байзақ аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық сайлауалды штабының  мүшелері,  облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мұратхан Шүкеев пен Бекбол Маймышевпен өткен кездесуде аудандағы этномәдени бірлестік  жетекшілерінің ойы осыған сайды. Ашық, еркін форматта ұйымдастырылған басқосуға аудан аумағындағы түрік,  корей,  орыс,  неміс этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері,  аудандық қоғамдық және аппараттық штаб мүшелері қатысып отырды.

Кездесуде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, облыс көлемінде атқарылған ауқымды істер, тындырылған тірліктер, қол жеткізген жетістіктер мен алдыға қойған мақсаттар тұрғысында сөз қозғалды.

Қазіргі таңда облыста 80-нен астам этнос өкілі тұрады, бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосатын 34 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Қоғамның ұлттық санасын жаңарту, қоғам мүшелерінің бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және көбейту идеясы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Кандидаттар тарихи-мәдени мұраны сақтауға және өнер мен мәдениет салаларын дамытуға және мемлекеттік тілді насихаттауға, қолдану аясын кеңейтуге, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға, этносаралық және конфессияаралық келісімді, бірлікті  нығайту бойынша этномәдени және діни бірлестіктердің қызметін қолдауға сондай-ақ, Жамбыл облысының біртуар тумаларының мұрасын насихаттауға шақырды.

Жиынға қатысқан этномәдени бірлестіктің  өкілдері де "Nur Otan" партиясына алдағы сайлау науқанында сәттілік тілеп,  өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек етіп,  бірлік бар жерде берекелі іс болатынын жеткізді. 

"Nur Otan" партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір