• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 20:10:20
Алматы
+35°

Қазіргі уақытта қазақстандық және халықаралық сарапшылар пулы жасыл экономикаға көшу және үздік қол жетімді технологиялар принциптерін талқылауда. Әрбір өндірістік нысан өздігімен жұмыс істеп жатыр. Технологиялық аудит жүргізіп, зерттелгеннен кейін қай технологияны енгізу керек екендігі белгілі болады.

«Халықаралық «жасыл технологиялар» және «инвестициялық жобалар» орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мақсұт Әбілқайыровтың айтуынша,  халықаралық «жасыл технологиялар» және инвестициялық жобалар орталығы жыл сайын жасыл технологияларды енгізу, жасыл инвестицияларды тарту бойынша конференция өткізеді.

– Париж келісімі аясында әр ел қоршаған ортаны, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін қажетті экологиялық стандарттарды енгізуі керек. Қазақстан жаңа Экологиялық кодекс аясында үздік жоғары технологияларды енгізуге ұмтылуда. Үздік қол жетімді технологиялар принципін енгізу қажеттілігі туралы норма айтылды. Біз Еуропалық Одақтың, Ресей Федерациясының, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін қабылдаймыз. Бүгінгі таңда кез-келген мекемеден тартылатын кез-келген инвестиция экологиялық тазалықты қамтамасыз етуі керек. Яғни, шетелден тартылған әр доллар экологиялық сараптамадан өтуі керек. Барлық қаражат экологиялық стандарттарға сай болуы керек: энергия тиімділігі болуы, CO2 (көмірқышқыл газы) шығарындыларын азайтуы керек. Бұл біз жауап беретін біздің орталықтың екінші бағыты, – деді Мақсұт Әбілқайыров.

Үздік қол жетімді технологиялар қағидатын енгізу мәселесі ұзақ мерзімді және ауқымды процесс екенін атап өткен жөн. Халықаралық «жасыл технологиялар» және инвестициялық жобалар орталығы бұл жұмысты былтырдан бері жүргізіп келеді.

Келесі жылдан бастап шағын, орта және микро кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін «жасыл» қаржыны белсенді түрде тарту басталады. Яғни, егер жобаны қаржыландыруға инвестиция тартылса, онда кәсіпорын белгілі бір талаптарға сай болуы керек, мысалы CO2 шығарындыларына бағытталған болуы мүмкін, немесе егер компания жабдық сатып алса, ол энергияны үнемдеуі керек деген сияқты.

Мұнымен қоса, мүдделі кәсіпорындар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен байланысқа шыға алады. Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы да кеңес беруге дайын екенін жеткізді.

Коронавирустық пандемия экономиканың тұрақты модельдеріне көшу қажеттігін көрсетті. Осы модельдердің бірі бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан «жасыл» экономика болып саналады.

«Кипр» аналитикалық тобының жетекшісі Ерлан Смайылов ЕАЭО елдеріндегі экономикалардың құрылымдары ұқсас болғандықтан, экологиялық проблемаларға көзқарастар ұқсас деген пікірде.

– Артықшылығы – Қазақстан проблемаларға назар аударады. Мемлекеттің міндеттері орындалуда – нормативтік және әкімшілік шектеулер қойылып, тиісті бақылаушы органдар компанияларға немесе халыққа экологиялық стандарттарды сақтауға мәжбүрлеп, сындарлы реттеуші қысым жасайды. Осы бағытта одан әрі жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Президентінің қыркүйектегі жолдауында нақты көрсетілген, – деді ол.

Нәтижесінде компаниялар қоршаған ортаға көбірек инвестициялай бастады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтері бойынша былтыр жер қойнауын пайдаланушылар технологиялардың экологиялық тазалығын жақсартуға 174 миллиард теңге инвестициялады. «Жасыл» экономиканың болашағы туралы айтатын болсақ, бұл мәселе өзекті күн тәртібінде болуы және жаңартылатын энергия көздері жобалары одан әрі іске асырылуы маңызды.

Ал 22 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық сенім кеңесінің төртінші отырысы өткен болатын. Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Арман Қашқынбеков жаңа тетіктерді енгізе отырып, 2030 жылға дейінгі ұлттық тұрақты даму бағдарламасын жасауды ұсынды:

– Ұлттық сенім кеңесі бір жылдан астам уақыт ішінде өзінің құндылығы мен өзектілігін дәлелдеді. Біздің азаматтарымыздың өміріне әсер еткен көптеген әртүрлі ұсыныстар қаралды және іске асырылды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында айтқан тұрақты даму және жасыл экономика тақырыбы қазірдің өзінде ХХІ ғасырдағы қоғамның алға жылжуының ажырамас бөлігі болып табылады. Тұрақты даму дегеніміз – болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне нұқсан келтірмей, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, – деді ол.

Ұлттық сенім кеңесі 2030 жылға дейінгі онжылдыққа арналған ұлттық даму бағдарламасын ұлттық деңгейдегі жобаларды кеңейту мақсатында экожүйе, жабық экономика сияқты жаңа тетіктер мен терминдерді енгізе отырып әзірлеуді ұсынып отыр. Президенттің биылғы Жолдауында және Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық парктерді дамыту, экотуризм, экологиялық білім, жануарларды қорғау және т.б. сияқты тұрақты даму мен жасыл бастамаларға ерекше назар аударылғаны белгілі.

Сонымен қатар, Қазақстан 4 жыл бұрын Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімін ратификациялады және біз осы арқылы 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 15% төмендетуге міндеттеме алды.

Жақында ірі қалалардағы ауа сапасы туралы мәселелелері талқыға салынды. Мұнда Ұлттық сенім кеңесі қалалардағы қазіргі ауаның сапасын анықтау және экономикалық ынталандыру мен таза ауа мен инфрақұрылымға инвестицияларды дамыту үшін Экология министрлігі, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы және «Талап» ауа сапасы орталығы арасында бірлескен ауа сапасы жобасын ұсынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жасыл экономика

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір