Үгіт-насихат жұмыстары аясында 20 желтоқсан күні Қарақия ауданында екі шара ұйымдастырылды. Бірі «Есіктен есікке» акциясы, екіншісі канвассинг. Аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Дархан Қыстаубаев, Айдана Базылбекова ауданға қарасты Сенек, Құланды, Бостан ауылы тұрғындарының үйлеріне барды.

«Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономиканы құру міндетін алға қояды. Ауданда 2 ірі логистикалық байланыс торабы бар. Атап айтсақ, қарқынды дамып келе жатқан «Құрық» теңіз порты мен Түрікменстан Республикасымен шекаралас аймақта орналасқан «Болашақ» теміржол стансасы. Халықтың табысын арттыру мақсатында партия шекараның орналасу әлеуетін және Қарақия аймағындағы өнеркәсіптік өндірістің артықшылықтарын пайдаланады. 

Партия Құрық ауылында сақтау көлемі 3,9 млн тонна, 500 адамды жұмыспен қамтуға болатын теңіздік операцияларды қолдау базасын салуға, 2021 жылы 300 адам қызмет ететін «Жеңіс» кенорнында барлау жұмыстарын бастау, 5 мың бас мүйізді ірі қара малын уақытша сақтайтын карантиндік аймақты іске қосу, «Саржа» көп салалы логистикалық орталығының (қойма ғимараты) құрылысын салуға ықпал ететін болады. Бұл шаралар 5 жыл ішінде жүзеге аспақ.

Карантиндік шаралар кезінде партия тарапынан аудан халқына көмектер көрсетілді. Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 470 астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 1 089 мұқтаж адам әрқайсысына 50 мың теңгеден алды. 

Үміткерлер іс-шара барысында бұл жоспарлы жұмыстардың барлығын халыққа жеткізіп, толық таныстырды. Үнпарақтар таратып, 10 қаңтар күні сайлауға қатысуға шақырды. Аудан бойынша барлық саланы ілгерілету басты мақсатқа қойылғанын атап өтіп, бұл істердің жүзеге асуына ел халқы себепші болатынын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру салаларына қатысты сұрақтар қойылды. Үміткер лер азаматтардың әл-ауқаты аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін атап өтіп, партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызмет көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға жұмыстанып  жатқанын атап өтті. «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.

Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір