23 Желтоқсан, 2020 Экономика

Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешуге рұқсат берілді

Жинақтың бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ем ақысын төлеуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беруге болады.

Фотода ҚР парламентінің мәжілісі төрағасы – Нұрлан Нығматулин

Парламент экономикалық өсімді қалпына келтіру, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ережені қамтитын заң жобасын қабылдады. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады. 

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген бірқатар түзетулерді мақұлдап, заң жобасын қабылдады. Бұл заң жобасында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ереже де бар.

2021 жылдың басынан бастап зейнетақы қорының салымшылары жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу, емделу немесе қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалана алады.

Бұған дейін, бірқатар норманы нақтылап, ішкі қарама-қайшылықты жою қажет болғандықтан, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға рұқсат ететін заң жобасын сенаторлар мәжіліске кері қайтарған болатын. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев "Азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға және емделуге жұмсауға құқығы белгіленеді. Осы заң жобасында білім гранттарына берілетін квота да қарастырылған. Заң қабылданғаннан кейін ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз" деген болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәжіліс Нығматулин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір