• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:23:43
Алматы
+12°

Фото: «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалының баспасөз қызметі

20 желтоқсанда сайлауалды үгіт жұмыстарының қарқынды жүргізілуін қолға алған «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы Қаратал аудандық мәдениет үйінде Үштөбе бастауыш партия ұйымдарымен кездесу өткізді.

Оған Қаратал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Булавин Александр Борисович пен Бласов Бекет Жайлаубекұлы, аудандық сайлауалды штаб төрағасы Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы сондай-ақ, мәжіліс депутаттығына үміткер кандидаттар Нестеров Константин Михайлович пен Каримов Досжан Елжанұлы қатысты.

Отырыста талқыланған басты мәселе – партияның сайлауалды бағдарламасын негізге алып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Фото: «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалының баспасөз қызметі

Кездесу барысында тұрғындардың көкейінде жүрген маңызды мәселелердің шешілу жолдары басты назарға алынып, талап-тілектері де жаудырылды. Тырнақшаға алынған мәселе: ауданға газ тарту мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты сұрақтар болды. Бұл сауалға Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы өз кезегінде Қанабек ауылына газ тарту жұмыстарының қарқынды қолға алынып жасалғандығы жайлы айтып өтіп, аудан орталығы – Үштөбе қаласына осы жылы аталмыш газ тарту мәселесі басты жоспарға алынып, жүзеге асатыны жайлы айтып өтті.

Сонымен қатар ауданның партиялық тізіміндегі кандидаттар Боқбасаров Әділ Әбенұлы, Рахметқазинов Нұржан Нұрланұлы, Естеуов Болат Төлеуғазыұлы, Қалимолдина Ажар Нұрсәлімқызы, Жұманов Ілияс Бейсембайұлы «ЛАД» ЖК-нің еңбек ұжымымен де үгіт жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламаның шарттарымен таныстырып алдағы мақсат-жобалардан хабардар етті.

Сондай-ақ басқа да бірқатар сайлауалды үгіт-насихат жиындары әлі де жоспарға алынып, көптеген ұйымдармен, шаруа қожалықтары және халық көп шоғырланған орындарда ұйымдастырылатындығын айтамыз. Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту, осы тұрғыда әрбір қазақстандықты дауыс беруге шақырамыз. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», «Біздің дауысымыз-біздің болашағымыз!»

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал ауданы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір