Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ханзада Есенованың өкімімен "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Сәкен Майғазиев тағайындалды. Бұл туралы Шымкент мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сәкен Қордабайұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Ол 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

1993 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде "Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі" бөліміне түскен.

1997 жылы Т.Жүргенов атындағы "Өнер" академиясының "Эстрада әншісі" бөлімі бойынша білім алған.

2001 жылдан бастап "МузАРТ" тобының мүшесі.

2012 жылдан бастап – Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір