• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:53:14
Алматы
+12°

Фото: «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалының баспасөз қызметі

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалында Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер, ақын, Қазақстанның «Жүз жаңа есімінің» бірі - Тәжмағамбетова Мақпал Масаққызы іс-сапармен жиынға келді.

Отырыста сайлауалды штаб төрағасы Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы, партиялық тізімдегі кандидат Құсаинов Фархат және «Жастар» ресурстық орталығының жетекшісі Рахметқазинов Нұржан Нұрланұлы бас қосты.

Ортаға алынған мәселе ол әрине, алда келе жатқан бүкілхалықтық сайлау болғандықтан, басты назар сол бағытқа бұрылды. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі ол ең бірінші жастардың қолында екендігін атап өтіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынған Мақпал Масаққызы үстіміздегі жылы келе жатқан сайлауда әр Қазақстан Республикасының азаматы өзіне жүктелген міндет, яғни дауыс беруді өзінің мемлекет алдындағы борышы екендігін ұмытпауын баса айтты.

- Әр адам баласы қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосу керек, яғни кез келген істі өзінің қамы үшін емес, халықтың қамы үшін, болашақтың қамы үшін жасаса, сонда ғана еліміз көркейіп, мемлекетіміз нығайып, халқымыз қанат жаяды, - деп қайырды.

Фото: «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалының баспасөз қызметі

Филиалдан шыққаннан кейін ауданның құрметті азаматшалары Кемел Тоқаев атындағы мектептің қайырымдылық қорының төрайымы Спиридонова Валентина Григорьевна мен аудандық ардагерлер үйі төрағасының орынбасары Каймульдина Шара Садуқызының шаңырақтарына барып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, өзінің тұғырнамасындағы маңызды жобалармен бөлісті.

Сондай-ақ сайлаушылардың сұрақтарын, тілектерін тыңдап, ұсыныстарын назарға алды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал ауданы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір