• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:51:56
Алматы
+12°

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Ресей Мемдумасы депутаттарының Қазақстан территориясы жайлы айтқан мәлімдемесіне пікір білдірді. Бұл туралы ол facebook парақшасында жазды.

– Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломатиялық түрде біздің аумағымыздың, шекарамыздың тұтастығына ауызша қол сұққан ресейлік депутаттар мен саясаттанушыларға тарихты үйретті.

"Жоғары білім алып, отанымыздың тарихын біле тұра, мен орыс тіліндегі бұл сөзге келесідей жауап берер едім: это бред сивой кобылы. Сыртқы істер министрі ретінде бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейтінін айтқым келеді".

Қазақ халық саясатында бұл "Жынымды келтірмеңізші!" дегенді білдіреді, – деп жазды Серік Жұманғарин парақшасында.

Еске салсақ, Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов "Первый канал" мемлекеттік телеарнасының эфирінде "Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деп мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір