• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:12:29
+12°

Қазақстанның денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов оқушылар арасындағы коронавирусты мәлімдеді.

– Оқушылар арасында аурушаңдық өсуде. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында КВИ-дің 3658 жағдайы тіркелді. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 994 жағдай анықталды. Бұл – оффлайн режимде оқитындардың жалпы санының 0,1%-ы, қашықтан оқитын балалар арасында 2 664 жағдай тіркелді, – дейді ол.

Сондай-ақ вмце-министр коронавирустың "қызыл", "жасыл" және "сары" аймағына кірген облыстарға ерекше карантиндік талаптардың қойылатынын атап өтті.

– Өзіміз құрған матрицаға байланысты "қызыл", "жасыл" және "сары" аймаққа кірген облыстарға ерекше карантиндік талаптар қойып отырмыз. "Сары" аймаққа кірген облыстардла 30-50 адамға дейін мейрамханаларға жиналуға рұқсат етілген. Бірақ "қызыл" аймаққа кірген облыстарда және қалаларда халық саны 30-ға дейін ғана шектелген. Үлкен ұжымдық іс-шараларға тыйым салынады, – деп айтты денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір